Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты бет

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

Құсайынов Әлiбай Нұрбайұлы

Сіздерді «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ жеке сайытында қарсы алуға қаныштымыз. Біздің сайтымыздан ұйымымыздың қызметі туралы, ауыл шаруашылығы саласында аудандық бағдарламаларды жүзеге асырудың барысы жайлы біле аласыздар. Сонымен қатар, біз ауданымыздың ауыл шаруашылғы саласында ақпаратқа өтуді кеңейту мүмкіндігін ұсынамыз.

                

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлім басшысы
2023 жылғы «3» сәуірден
_______ Ә.Н.Құсайынов
бұйрығымен «БЕКІТІЛГЕН»

«Солтустік Қазақстан облысы Мағжан жұмабаев ауданының ауыл және ветеринарии бөлімі» КММ заңды және жеке тұлғаларды 2023 жылдың 2 тоқсанға жеке қабылдау кестесі

Мемлекеттік
Органның атауы

Азаматтарды Қабылдау өткізген тұлғаның Т А Ә

Азаматтарды Қабылдау өткізген тұлғаның лауазымы

Азаматтарды
Қабылдау күні және уақыты

Мемлекеттік органның Орналасқан орны

Байланыс
телефоны

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринарии бөлімі» КММ

Құсайынов
Әлібай
Нұрбайұлы

Бөлім Басшысы

Бейсенбі 14:30 сағаттан бастап 18:00 сағатқа дейін

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қ,.пионер көш. 2 а

2-00-25

Сенім телефоны 2-00-25.

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлім басшысы
2022 жылғы «3» қазаннаң
_______ Ә.Н.Құсайынов
бұйрығымен «БЕКІТІЛГЕН»

«Солтустік Қазақстан облысы Мағжан жұмабаев ауданының ауыл және ветеринарии бөлімі» КММ заңды және жеке тұлғаларды 2022 жылдың 4 тоқсанға жеке қабылдау кестесі

Мемлекеттік
Органның атауы

Азаматтарды Қабылдау өткізген тұлғаның Т А Ә

Азаматтарды Қабылдау өткізген тұлғаның лауазымы

Азаматтарды
Қабылдау күні және уақыты

Мемлекеттік органның Орналасқан орны

Байланыс
телефоны

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринарии бөлімі» КММ

Құсайынов
Әлібай
Нұрбайұлы

Бөлім Басшысы

Бейсенбі 14:30 сағаттан бастап 18:00 сағатқа дейін

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қ,.пионер көш. 2 а

2-00-25

Сенім телефоны 2-00-25.

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлім басшысы
2022 жылғы «13» шілде
_______ Ә.Н. Құсайынов
бұйрығымен «БЕКІТІЛГЕН»

«Солтустік Қазақстан облысы Мағжан жұмабаев ауданының ауыл және ветеринарии бөлімі» КММ заңды және жеке тұлғаларды 2022 жылдың 3 тоқсанға жеке қабылдау кестесі

Мемлекеттік Органның атауы

Азаматтарды Қабылдау өткізген түлғаның     Т А Ә

Азаматтарды   Қабылдау өткізген тұлғаның лауазымы

Азаматтарды Қабылдау күні және уақыты

Мемлекеттік органның Орналасқан орны

Байланыс телефоны

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жүмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»КММ

Құсайынов Әлібай Нұрбайұлы

Бөлім Басшысы

Бейсенбі 14:30 сағаттан бастап 18;00 сағатқа дейін

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қ., пионер көш. 2а

2-00-25

Телефон доверия 2-09-45.

Бас маман лауазымына жалпы конкурс туралы хабарландыру 

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557, электрондық пошта: mzhumabaeva-akimat@sqo.gov.kz, рұқсат етілген файлдар өлшемі 20 Мб-дан аспауы тиіс, төменгі болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ өсімдік шаруашылығы бойынша бас маманы. 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауыспалы егіс, топырақты эрозиядан қорғау, егістікті зиянкестерден, аурулардан және арамшөптен қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу және енгізуге ықпал ету. Ауыл шаруашылығы және өзге де дәнді-дақылдарды өңдеу технологияларын жетілдіру, аса тиімді мерзімдерде және агротехниканың жоғары деңгейінде егіс жұмыстарын жүргізу мен алдағы уақытта бақылауды жүзеге асыру. Топырақ құнарлылығын арттыруға, астық шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін мығым азық базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық шараларды әзірлеу мен енгізуге қатысу. Аграрлық секторды дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу. Ауылшаруашылық науқандарын өткізу бойынша технологиялық карталарды, өндірістік бағдарламаларды және жұмыс жоспарларын әзірлеу. Нан қабылдайтын кәсіпорындарды бақылау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қағидаларға сәйкес өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау бағдарламаларын іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия, аграрлық техника және технология, топырақтану және агрохимия, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, өсімдік қорғау және карантин) бейіні бойынша.

мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, өсімдік шаруашылығы, экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)) бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. Өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
  3. Бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

  1. Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
  2. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. Тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Өкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде келесі мекенжайға: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, персоналды басқару бойынша құрылымдық бөлімшеге немесе mzhumabaeva-akimat@sqo.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылуы тиіс. Анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56 мекенжайында өтеді.

Конкурсқа қатысатын және бос лауазымға сұхбаттасуға жіберілген кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған мәлімделген бос лауазымға қатысты сұрақтар қойылады. Конкурстық комиссияға конкурстық сұрақтардан басқа үміткерлерді іріктеудің басқа тәсілдерін (ситуациялық және мотивациялық сұрақтар) пайдалануға рұқсат етіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады. 

Қосымша (ZIP 31 Kb)

Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

 

Екiншi тоқсанда 2020 ж. жеке және заңды тұлғаларды
қабылдау кестесiн бекiту туралы

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қантардағы № 221 Заңы 13 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 947 қалаусына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 1 қосымшаға сәйкес 2020 жыл екіншы тоқсанға арналған бөлiм басшысы және басшысының орынбасары жеке заңды тұлғаларды қабылдау кестесi бекiтiлсiн.
  2. Бөлiмiнiң жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесi ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы қамтамасыз етсiн.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

Ә. Құсайынов

«Солтустiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл
шаруашылығы бөлiмi» КММ заңды және жеке тұлғаларды 2020 жылдың
2 тоқсанға жеке қабылдау кестесi

Мемлекеттік органның атауы Азаматтарды қабылдау өткізген тұлғаның Т.А.Ә Азаматтарды қабылдау өткізген тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні және уақыты Мемлекеттік органның орналасқан орны Байланыс телефоны
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ Құсайынов Әлібай Нұрбайұлы Бөлім басшысы Бейсенбі 14:30 сағаттан бастап 18:00 сағатқа дейін Мағжан Жұмабаев ауданы
Булаев қ.
Пионер көш. 2 а
2-00-25
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ Әбілқайыров Арман Нәбиұлы Бөлім басшысының орынбасары Жұма 10:00 сағаттан бастап 18:00 сағатқа дейін Мағжан Жұмабаев ауданы
Булаев қ.
Пионер көш. 2 а
7-90-56

Сенім телефоны 2-00-25

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Жаңалықтар

Хабарландыру
29.10.2020

Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Булаев қаласында ауылшаруашылық жәрменкесі өтеді, сауда сағат 11-00 басталады. Жәрменке өтетін орын Булаев қаласына кіре берістегі айналама жолдың сол

Хабарландыру
15.09.2020

Хабарландыру

интернет-ресурсында орналыстырған күнi 14.09.2020 ж. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағж

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Құрметті салық төлеушілер! «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықты

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызме

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz